Павлодар зауытында дизель отыны мен бензин өндірісі азаюы мүмкін

Павлодар зауытында дизель отыны мен бензин өндірісі азаюы мүмкін
фото: https://sputnik.kz

Павлодар мұнай-химия зауытында бірқатар технологиялық қондырғының жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Соның салдарынан бензин мен дизель отыны өндірісі азаяды.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде газ желісі ұйымдары сұйылтылған көмірсутекті газды уақытында шығармай жатыр. Зауытта сұйытылған газдар паркі толып қалатын болды. Бүгінде орналастыруға болатын сұйылтылған көмірсутекті газдың максималды массасы 3600 тоннаны құрайды. Түнде парктегі газдың көлемі 2857 тоннаға жетті. Оған қоса, зауытты тәулік сайын 1000-1050 тонна газ өндіріледі.

"Осы үрдіс сақталған жағдайда Павлодар мұнай-химия зауыты сұйылтылған газ өндірісін тоқтату үшін бірқатар технологиялық қондырғыны тоқтатуға мәжбүр болады. Бұл жағдай бензин мен дизель отынын өндіру көлемін қысқаруға әкеп соғады", - делінген ресми хабарламада.

Зауыт басшылығы Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу облыстары және Алматы қаласының әкімдіктерінен 2023 жылғы қаңтарға арналған тауар биржаларынан тыс СКГ жеткізу жоспары бойынша сұйылтылған көмірсутекті газды уақытылы шығаруға жәрдем көрсетуді сұрайды.

 Қазақпарат