фото: sputnik.kz
Екібастұздық құтқарушылар өткен тәулікте даладағы өртті сөндіруге он рет шықты.
Өткен бейсенбіде таңертең Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер, ерікті өрт сөндіру жасағының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар бір тәулікте, жұма күні таңертең өртті толығымен сөндірді.
Тексеру іс-шаралары барысында даладағы өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы "Қуаныш" шаруа қожалығының 73 бас уақ малының өртеніп кеткені анықталды. Сондай-ақ көптеген жануар өртенді.
"Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен мүдделі органдар аттанды", - делінген хабарламада.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через