Павлодар ауылында 40 жыл көрінбеген қасқырлар қайта оралды

Павлодар ауылында 40 жыл көрінбеген қасқырлар қайта оралды
фото: Фото:pixabay.com

Жаңа-ауыл орман шаруашылығының басшысы Валерий Зоричевтің пайымдауынша, 20 ақпанда таңертең ауылдың шетінде тұратын тұрғындардың бірі оған хабарласып, қасқырларды көріп қалғанын айтқан.

– Мен сол жерге барғаннан кейін жыртқыштың іздерінен қасқыр жүргенін бірден анықтадым. Іздер Ертіс жайылмасына дейін жалғасқан. Мұзға шығып, екі қасқырды байқадым. Олар Ертісті кесіп, орманға бара жатқан. Мен жыртқыштарды өзім тұрған жерден 300 метр қашықтықта көріп қалдым, – деді Валерий Зоричев.

Валерий Зоричев 20 жыл жұмыс ішінде ауылда қасқырларды көрмегенін жеткізді.

– Ауыл тұрғындарының сөзінше соңғы рет қасқырларды 1980 жылдары көрген. Қасқырлар Шығыс және Солтүстік  Қазақстаннан келген деп болжамдаймын. Ол жерлерде қар көп көлемде түскендіктен олар осында миграциямен жеткен. Еліктер де көп жүре бастады. Олардың артынан қасқырлар да жем іздеп келді,– деп түсіндірді Валерий Зоричев.

Орманшының айтуынша, қасқырлар тәулігіне 50-60 қашықтықты өтіп, жүре алады. Әдетте отармен жүреді, алайда жұптасу маусымында екеуден, жалғыз көрінуі мүмкін.

– Олардан қорқудың қажеті жоқ. Қасқырлар ірі, жемге тойып алған. Жепшөп база жеткілікті, сондықтан олар адамдарға шабуылдамайды,– деді Валерий Зоричев. – Миграцияның салдарынан бұрын-соңды болмаған аңдар келуде: жанат тәрізді ит, құндыз, жабайы қабан және шакалдар.

Десе де, Павлодар ауылының әкімі Аманбек Ұнат қасқырлардың пайда болуына байланысты тұрғындардан сақ болуды сұрайды.

ҚазАқпарат