фото: polisia.kz
2024 жылы республика бойынша паспортқа немесе куәлікке тапсырыс беретін 26 терминал орнатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Арман Кенжеғалиев айтты.
«Процестерді цифрландыру жобаларына тоқталсам, бірінші жоба — құжаттандыру терминалдары. Олар арқылы паспортқа немесе куәлікке 5-10 минут ішінде тапсырыс беруге болады. Биометрия және QR төлемі сервисі қолданылады. 9 ай ішінде Астана мен Алматыдағы 12 терминал арқылы 11,5 мыңнан астам өтініш қабылданған. Келесі жылы республика бойынша тағы 26 терминал орнатамыз», — деді Арман Кенжеғалиев.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через