фото: mixnews.lv
Париждің 2-ші округінде сейсенбі күні күндіз алдын ала есеп бойынша 10-15 млн еуроның әшекейлік бұйымдары ұрланды.
Rue de la Paix №7-ші үй мекенжайы бойынша орналасқан Piaget дүкеніне шабуыл жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 12-нің кезінде жасалған.
Екі ер адам мен әйел дүкенге тапаншамен басып кіріп, ашық тұрған, бірнеше витринадан әшекей бұйымдарын алып кеткен.
Франция прокуратурасы шығынның алдын ала мөлшері 10-15 млн еуро болатынын растады. Полиция ұылмыскерлерді іздестіріп жатыр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото mixnews.lv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через