Париж Еуропада бірінші болып электрсамокатты жалға алуға тыйым салды

Париж Еуропада бірінші болып электрсамокатты жалға алуға тыйым салды
фото: Фотограф: Svitlana Myslyvets: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/13152745/

Романтикалық көлік саналатын бұл қозғалыс құралымен адамдар енді 1 қыркүйектен бастап француз көшелерін аралай алмайды. Әлемдегі ең романтикалық қала мұндай шектеулерге жүгінген алғашқы еуропалық мегаполис болды. Мұнда күзден, яғни 1 қыркүйектен, бастап электрсамокатын жалға алуға тыйым салынады.

Еске салсақ, Қазақстанда самокатпен жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана көшелерде жүре алады.

Электр самокатын пайдалану туралы қалалық референдумның қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Электр самокатын пайдалану туралы қалалық референдумның қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Париж тұрғындарының 89%-ы электр самокатына тыйым салуды қолдады.

Париж билігі электрлік самокатын жалға беру қызметін ұсынатын үш жеке оператормен келісімшартты ұзартудан бас тартты.

Самокатты тамыз айының соңына дейін пайдалануға болады.

Дегенмен операторларға қыркүйектің басынан бастап Париж көшелерінен самокаттарды алып тастау туралы бұйрық берілді.

Париждегі БАҚ-тың хабарлауынша, қала көшелерінен барлығы 15 мыңға жуық жалға берілетін электр самокаты жойылады.

Оператор компаниялар көліктің осы түріне техникалық қызмет көрсетуді орындап, содан кейін оны Францияның басқа қалаларына, сондай-ақ басқа елдерге жөнелтпекші.

Бұл шектеу тек жалға берілетін электр самокатына қатысты екенін ескеру керек. Париждіктер кейбір шектеулермен жеке самокаттарын пайдалана береді.

Бұл шектеу тек жалға берілетін электр самокатына қатысты екенін ескеру керек. Париждіктер кейбір шектеулермен жеке самокаттарын пайдалана береді.

Қазақпарат