Paramount жаһандық медиа тобы алғаш рет қазақ тілінде ұсынылатын мектепке дейінгі балаларға арналған әлемге әйгілі Nick Jr. ойын-сауық телеарнасының іске қосылатынын хабарлайды. Арна 2023 жылғы мамырдан бастап, Қазақстандағы жергілікті кабельдік операторлар мен интернет-провайдерлер арқылы қолжетімді болады.
Nick Jr. – мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жетекші ойын-сауық бренді, олар сүйікті кейіпкерлерімен бірге үйренуге, ойнауға және дамытуға мүмкіндік береді. Ол 2 мен 6 жас аралығындағы көрермендер үшін ана тілінде әр түрлі танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады, соның ішінде баршаға танымал «Бәріне арналған Булька кеңестері», «Бала акуланың ойыны», «Вспыш және ғажайып машиналар», «Орман командасы» және биыл өзінің 10 жылдығын атап өтетін әлемге әйгілі «Күшік патрулі» шоуы. Қазақстандағы арна көрермендерін әлемдік аудиториямен бір мезгілде «Паддингтонның шытырман оқиғалары», «Кішкентай басшы шоуы», «Барбапапа және отбасы», «Крепыш және команда», сондай-ақ тағы басқа анимациялық серияларды қоса алғанда, жаңа шоулар мен премьералар күтеді.
Арнаны қазақ тілінде іске қосу үшін компания жергілікті дыбыс актерлерімен бірлесе отырып, 17 000 минуттан астам контентті аударып, дубляждады.
Қазақстандағы Nick Jr. арнасының танымал шоуларының кейіпкерлерін тұтыну тауарлары санатында да көруге болады. Лицензиялау бағытын дамыту шеңберінде компания балаларға арналған брендтелген өнімдерді шығаратын ұлттық өндірушілермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Мәселен, бүкіл әлемге әйгілі «Күшік патрулінің» анимациялық кейіпкерлері жергілікті Danone бөлімшесі шығарған тағамдарды безендіріп жатыр.
Nick Jr. қазақ тілінде 2022 жылы Қазақстанда іске қосылған Nickelodeon HD-ге қосымша компанияның елімізде таратылатын танымал арналарының аудиториясын кеңейтеді және Paramount медиа тобының ұлттық тілдегі екінші арнасы болып табылады.
«Біз Nick Jr.-ді қазақ тілінде таныстыруға қуаныштымыз. Бұл арна оқу мен жақсы көңіл-күйдің сенімді көзі болып табылады. Біз әрбір бала ана тілінде сапалы білім беру мазмұнына қол жеткізуге лайық деп санаймыз және оны Қазақстанда жүзеге асыруға үздіксіз қолдау көрсеткені үшін Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан әлеуметтік даму институтына алғыс айтамыз. Жергілікті мазмұнды ұсына отырып, біз мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналары үшін одан да танымдық, пайдалы және қызықты контен ұсынамыз деп үміттенеміз». Петя Тончева, Орталық Азия мен Балтық елдеріндегі Paramount International Networks компаниясының мазмұнды тарату және тұтыну өнімдері жөніндегі аға директоры:
Paramount (NASDAQ: PARA; PARAA) - дүние жүзіндегі аудиториялар үшін премиум контент жасайтын әлемдегі жетекші медиа және ағындық, ойын-сауық компаниясы. Оның топтамасында CBS, Showtime Networks, Paramount Pictures, Nickelodeon, MTV, Comedy Central, Paramount+ және Pluto TV сияқты танымал брендтер бар. Компания саладағы ең ауқымды теле және кинофильмдер кітапханаларының біріне иелік етеді. Инновациялық ағындық және цифрлық өнімдерден басқа, Paramount мазмұнды өндіру және тарату, сондай-ақ жарнамалық шешімдер мүмкіндіктерін ұсынады.
Фото www.etsy.com, www.ebay.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через