Пәкістанда "Қазақстан үйі" ашылды

Пәкістанда "Қазақстан үйі" ашылды
фото: sputnik.kz

Пәкістанда алғашқы "Қазақстан үйінің" салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан үйін ашудың негізгі мақсаты – Пәкістан азаматтарына қызметтердің кең спектрін ұсыну және "бір терезе" қағидаты бойынша кеңес беру. Онда қазақстандық виза мәселелері бойынша қолдау көрсету мүмкіндігімен қатар туризм, мәдениет, білім беру, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бөлімдері ұсынылған.

Пенджаб провинциясының губернаторы М. Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары М. Әли Рандхава барлық қатысушыларды Қазақстан үйінің ашылуымен құттықтап, бұл қадам Қазақстан-Пәкістан қатынастары тарихының жаңа кезеңін белгілейтінін атап өтті.

Іс-шара аясында екі елдің мәдени астаналары Түркістан мен Лахор арасында бауырлас қатынастар орнату туралы сөз болды. Шекхупура кәсіпкерлері ағымдағы жылы Алматы-Лахор тікелей әуе рейстері ашылғаннан кейін Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Қазақпарат