фото: sputnik.kz
Текелі қаласында 8 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап аман қалды.Бұл оқиға 25 сәуірде күндіз сағат 12.20-да болған. Үйде қараусыз қалған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секірген.
"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, ол Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылды. Белгілі болғандай, баланың жерге соғылуын ағаш бұтақтары жеңілдеткен", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар депаратменті балаларды қараусыз қалдырмауға, терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через