фото: pexels.com
Қазақстанда БҰҰ-ң цифрлық орталығы құрылуы мүмкін.
Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі комиссия осындай қызығушылық танытуда. Осы мақсатта БҰҰ-ы қыркүйекте біздің елде үлкен конференция өткізбек. Басқосуға ұйымға мүше 50-ден аса елдің өкілдері келіп, Қазақстанның цифрлық даму жолындағы жаңашылдықтарын біліп, үйренбек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бангокте осылай ақшаны қолма-қол алып жүруге мәжбүрміз. Біздің елдегідей басым жерде «QR код»-пен төлем жүргізе алмайсың. Себебі, QR код жоқ. Самал Қабышева, тілші.
Төлемді QR код-пен жүргізудің өзі көптеген елдер үшін жаңалық. Қазақстанның бұл цифрлық жүйесін үйренуге талай ел қызығушылық танытуда. Бангокте БҰҰ-ң Азия мен Тынық мұхиты елдері арасындағы комиссияның 80-ші сессиясы өтті. Басқосу цифрлық жүйеге арналды. Бұл салада Қазақстан өзге елдерге қарағанда көш ілгері келеді. Премьер-Министр орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу баяндамасында кеңінін тоқталды.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Сыртқы істер министрі:
Қазіргі Уақытта Қазақстан электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әлемде 28-ші, ал онлайн-нысандардың сапасы бойынша 8-ші орында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде IT-саласын мықтап дамытуға барынша ден қойды. Осы мақсатта Біз Орталық Азиядағы ең ірі IT – стартап-Astana Hub-ты аштық.
Бұдан бөлек, Сыртқы істер министрі Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын автоматтандырылғанын жеткізді. Соңғы үш жылда Қазақстанның жоғары технологиялық секторының экспорты 10 есе өскен. Ал 2026 жылға қарай ол 1 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.
Асқар Жамбақин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:
Осы жетістіктердің барлығы БҰҰ-ң Азия мен Тынық мұхиты елдері арасындағы комиссияның қызығушылығын тудыруда. Олар бізден үйренгісі келеді. Цифрландырудың жаңалығымен танысып, көргісі келеді. Осы мақсатта БҰҰ-ң комиссиясы Қазақстанда цирфлық дамуға бағытталған конференциясын ұйымдастырып, өткізуге ниет білдіріп отыр. Үлкен басқосу қыркүйек айына жоспарланған.
ЭСКАТО - БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитындағы елдердің экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Бас штаб-пәтері Таиланд астанасы Бангокте орналасқан. Енді БҰҰ-ң цифрлық даму орталығы Қазақстанда ашылуы мүмкін. Себебі, ұйымға мүше елдер Қазақстанның цифрлық дамуы қызықтырып отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через