фото: sputnik.kz
Көлігі өзге елде есепте тұрған азаматтар енді автокөлігін уақытша 5 жылға тіркей алады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы немесе электронды порталда өтініш беру керек. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтын Жамалиев айтты.
Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.
"Көлік құралдары 5 жыл мерзімге дейін уақытша есепке қойылады. Ол азаматтар тек мемлекеттік номер үшін және көлік құралының тіркеу нөмірі үшін баж төлемдерін төлейді. Ал 200 мың теңге соманы төлемейді. ЕАЭО есебінде тұрған көлік құралын есептен шығарып, содан кейін 200 мың теңгесін төлеп, нақты есепке қоюға рұқсат берілген", - деп түсіндірді Алтын Жамалиев.
Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін өтініш 1 шілдеге дейін ғана қабылданады. Қазір 160 мың өтініш қанағаттандырылып, көліктер тіркеуге алынған. Әлі 13 мыңнан астамы өз кезегін күтіп тұр. Одан бөлек, 7 мыңға жуық құрастырмалы автокөлік мемлекеттік есепке кірді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через