фото: kstnews.kz
Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобустар рейсін 2 есеге арттырады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Көлік және жолаушылар тасымалы бағындағы мәселелер талқыланған кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жауапты органдарға бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, осы елден Қазақстанға қатынайтын автобус рейсінің санын 2 есе арттыру тапсырылды.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев келер жылы әуе және теміржол тасымалының көлемін 20 пайызға көтеру қажет екенін атап өтті. Яғни, Өзбекстан 3 халықаралық маршрутты іске қосып, кем дегенде 7 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через