фото: pixabay.com
29 наурыз күні Өзбекстан астанасы Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Өзбекстанның Экология министрлігінен мәлім еткендей, акция зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оның талабына сай, ертең барлық билік органдарының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс.
«Баршаңызды бұл акцияға бей-жай қарамауға, тиісінше қоғамдық көлік, велосипед және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін өзге де көлік түрлерін пайдалануға шақырамыз», - делінген Экология министрлігінің мәлімдемесінде.
Аталмыш акцияны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойған болатын.
Оған сай, кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары мен өзге де қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жұмысқа бару арқылы көпшілікке үлгі көрсетуі қажет.
Қоса кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Ташкент әлемдегі ауасы қатты ластанған 30 қаланың қатарына енген еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через