фото: pixabay.com
Өзбекстанда баласының сабаққа қатыспай жүргенін қадағаламаған 124 мың ата-анаға ескерту беріліп, 4 мыңы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды kaz.inform.kz агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Өзбекстан Ұлттық гвардиясының баспасөз хатшысы Даврон Джуманазаровтың мәліметінше, бір айдан бері жүргізіліп келе жатқан ведомствоның тексеру шараларынан кейін сабаққа бармай жүрген 1,77 млн оқушы мектепке қайтарылған.
«Мысалы, Қашқадария облысын алайық: өткен аптада біз сырқаттанып жатыр деген себеппен сабақтан қалған балалардың үйін араладық. Оның нәтижесінде 50 баланың сау екені және себепсіз мектепке бармай жүргені анықталды», - деді Даврон Джуманазаров.
Оның сөзінше, аталған тексеру шараларының арқасында балалардың сабаққа қатысу көрсеткіші 97,7%-ға жеткен.
Осы орайда 124 мың ата-анаға ескерту беріліп, 4 мыңы ӨР Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің «Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылған.
Еске салайық, Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёев таяуда өткен кеңесте балалардың мектептерге бару көрсеткіші төмен екенін мәлімдеп, Ұлттық гвардияға тапсырма жүктеген еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через