Өзбекстанда Қазақстанның мәдениеті күндері өтуде

Өзбекстанда Қазақстанның мәдениеті күндері өтуде
фото: Ашық ақпарат көзінен алынды

       20-24 маусым аралығында  Өзбекстанда Қазақстанның мәдениеті күндері өтуде.

       Мәдени шаралар Ташкент, Самарқан және Бұқара қалаларында жоспарланған болатын.

       2023 жылғы 20-24 маусымда Ташкент, Самарқан, Бұқара қалаларында Қазақстан мәдениеті күндері, ал 20-23 маусым аралығында Ташкентте қазақ киносының күндері өтеді.
       Қазақстанның мәдениет күндерінің ашылу салтанаты 20 маусым күні Ташкенттегі "Түркістан" өнер сарайында өтті, шара Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік мекемесінің шығармашылық тобының концертімен жалғасады.
Концерттік бағдарламада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Рухия Байдүкенова, Мәди Сыздықов, "Гүлдер", "Тұран" фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.
       20-23 маусым аралығында өтетін кино күндері аясында Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы кинотеатр залдарында "Сұлтан Бейбарыс", "Мұқағали", "Дос-Мұқасан", "Время патриотов", "Паралимпиадашы", "На старте", "Лето 1941 года" көркем фильмдері, "Кенже қыз", "Бесік жыры", "Әмен аға ағашы" мультфильмдері көрсетіледі.

       21 маусымда Роза Бағланова атындағы "Қазақ концерті" мемлекеттік мекемесі мен Өзбекстан мемлекеттік филармониясының ұлттық симфониялық оркестрімен бірлесіп Folk&Symphony атты бірлескен концерт өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 22 маусым Самарқан, 23 маусымда Бұқара концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. 
       23 маусымда Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік академиялық үлкен театрында Қазақстанның мәдениет күндерінің жабылу салтанаты мен Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының "Абай" спектаклін қою көзделген.

       Informburo.kz.