фото: Павел Лисицын
Шетелден келгендердің арасында биыл 33 мыңнан астам азамат Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Standard.kz ақпараттық порталына Ішкі істер министрлігінен осылай хабарлады.
«Еңбек ету ұщін қажетті рұқсат алмастан, Қазақстан Республикасында жұмыс істегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 517-бабының 5-тармағына сәйкес, 25 айлық есептiк көрсеткiш (86 250 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберіледі. 2023 жылы 33 704 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 245 азамат Қазақстан аумағынан шығарылды», - деп атап өтеді министрлік өкілдері.
Осы ретте министрлік еліміздің заңнамасын қай шет мемлекеттердің азаматтары жиі бұзатыны атап өтілді.
«Қазақстан заңнамасын жиі бұзған елдер: Өзбекстан – 20 536, Ресей – 3 810, Тәжікстан – 1 436, Қырғызстан – 744 адам. Бас бостандығынан айыру орындарында 513 шетелдік отыр», - деді ведомстводан.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через