Екі жас шаңырақ көтерген соң отбасындаңы дүние-мүлік екеуіне де ортақ болатыны түсінікті. Себебі сіз енді бұрынғыдай жалғыз емессіз. Демек, тапқан ақшаңызды бұрынғыдай өз білгеніңізше оңды-солды жұмсау енді жоқ.
Үй болып, болашаққа бірге ұмтылған соң «сенікі, менікі» деген жоқ. Десе де, «Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы керек?» деген сұрақ көптеген жас отбасыының кездесіп жататын алғашқы мәселелерінің бірі саналады. Ендеше, осы сұрақтың жауабын қарастырып көрейік.
Кейбір жастар, өкінішке қарай, «Ақша кімнің қолында болса, билік те соныкі» деп ойлайды. Сондықтан өз «беделін» түсірмеуге тырысады. Ал енді біреулері «Кім ақшаны көп тапса, сол ұстауы керек» деген ойда.
Ғасырлар бойы үйдің асыраушысы – ер адам, ал ерінің тауып әкелгенін ұқсатып, іске асырушы, жаратушы – әйел адам деген түсінік қалыптасты. Солай болды да. «Ер адам – түздікі, әйел адам – үйдікі» деген сөз бекер айтылмаса керек, деп жазды Massaget.kz.
Фото zhaikpress.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через