фото: massaget.kz
Respublica партиясы отандық кинематографияның көрнекті өкілдерімен кездесті.
«Отандық киноиндустрия: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы отырыс Алматыда өтті. Кездесу барысында қатысушылар шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау, салаға инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Мамандардың біліктілігін арттыру, сапалы кинофильмдер шығару үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыру және мультипликация саласын дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету де қаралды. Партия қазақ киносының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауды көздеп отыр. Ұсыныс барлық тараптың пікірін ескере отырып дайындалады.
Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жекеменшік киностудияларда қандай проблема бар, оларға неге көңіл бөлінбейді, қандай мәселе көтергісі келеді, соны тыңдаймыз. Кинокритиктерді тыңдаймыз, режиссерлерді тыңдаймыз. Сонымен қатар, осы Мәдениет министрлігінің ұсыныстарын да тыңдаймыз. Барлығын біріктіріп, жүйелі бір жоба шығарамыз деп ойлаймыз.
Нұрлан Қоянбаев, Respublica партиясының тең төрағасы, кинопродюсер:
- Қазір қазақ киносына кинотеатрлардың көзқарасы өзгерді. Өйткені қазақ киносы арқылы өздерінің Голливудтан кем емес қаржы табатынын көріп, қазір «Дос-Мұқасан» сияқты, «Оян, қазақ!» деген киноларға да жол беріп жатыр. Көрермені бар екенін олар мойындады, сезді.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через