Қазақстандық кинематографияның халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу аясы ұлғаяды. Сонымен қатар отандық фильмдер прокаты артады.
«Мәдениет пен өнерде жүрген талантты жастарды халықаралық аренаға шығару мақсатында жаңа конкурстар, фестивальдерге қатыстыру жағы қаралып жатыр. Алдағы уақытта мемлекеттік театр репертуарлары жыл сайын кем дегенде бір отандық қойылыммен толығып отырады», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Оның айтуынша, отандық кинематографияны, оның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% (былтыр 13%) артады.
«Сондай-ақ қазақстандық кинематографияның халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу аясы да ұлғаяды. Өңірлерде кешенді мемлекеттік-жеке меншік кинопрокатты ұйымдастыру мақсатында проекциялық жабдықтар мен жылжымалы киноқондырғыларды кезең-кезеңімен алу мәселесі пысықталады», - дейді ол.
Одан бөлек, министр музейлер мен кітапханалар көпфункционалды ақпараттық және демалыс орталығына айналу керектігін айтты.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото russian.eurasianet.org
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через