Өскеменде дүкен өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Өскеменде дүкен өртеніп, 30 адам эвакуацияланды
фото: sputnik.kz

22 маусымда сағат 04.40-та Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Департаменттің мәліметінше, дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанған.

"Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

25 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 05.40-та өшірілді.

Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.

Алдын ала дерек бойынша өрттің себептері – электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Қазақпарат