Өскеменде автобус жер үйге соғылды

Өскеменде автобус жер үйге соғылды

Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.

«Жүргізуші автобусты мас күйінде жүргізген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.

«Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты  әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото ашық көздерден алынған