фото: inform.kz
Өскемен қаласының полицейлері адам көп жүретін қоғамдық орында алаяқтар туралы ескерту трафареттерін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтықтың, оның ішінде әсіресе интернет-алаяқтықтың жолын кесу мақсатында түрлі профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері көшелерде алаяқтар туралы ескерту трафареттерін жасады.
«Жерге жазылған осындай ескертулерді жол қиылыстарында, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында, банктердің маңында және басқа да қоғамдық орындардан көруге болады. Сондай-ақ адам көп жиналатын орындарда алаяқтардан абай болу қажеттігі туралы жадынамалар орналастырылды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте полиция басқармасы тұрғындарға өздерін интернет-алаяқтардан қорғау үшін келесі ережелерді есте сақтау керектігін ескертеді:
- Әлеуметтік желідегі күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз;
- Тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға еш уақытта келіспеңіз;
- Танымайтын адамдарға ақша аудармаңыз;
- Үшінші тұлғаларға банк карталарының нөмірлерін, пин-кодтарды, ұялы телефонға келіп түскен кілт сөздерді жібермеңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через