Өрттен зардап шеккендерге үкімет жаңа үй салып береді

Өрттен зардап шеккендерге үкімет жаңа үй салып береді
фото: https://sputnik.kz

Өрттен зардап шеккендерге үкімет жаңа үй салып береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті.

Шұғыл әрекет ету штабының отырысынан кейін президент Аманқарағай ауылын аралады. Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктіне кіріп, зардап шеккен азаматтармен кездесті.

"Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді", – деді Тоқаев.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Гуманитарлық көмек тарату пунктіне де барды.

Мәтіндегі ақпарат туралы