Өртенген шахтаның 600-ден астам қызметкері басқа кәсіпорындарға ауыстырылды

Өртенген шахтаның 600-ден астам қызметкері басқа кәсіпорындарға ауыстырылды
фото: sputnik.kz

"Қазақстан" шахтасының 600-ден астам қызметкері көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігі.

Қазіргі күні барлық жауапты сала мамандарының басты міндеті – өртті сөндіру. Алайда бұған қанша уақыт кететіні белгісіз.

"Бес бөлім жұмыс істеп жатыр. Жағдай өте күрделі: жоғары температура, адамдар жете алатын жерлерде шамамен 65 градус ыстық. Барлық дерлік қазбалар тау жынысы бойынша, сондай-ақ көмір бойынша жүргізілмеген, тиісінше өрт жайылып, тарап кеткен", - дейді "КӘАҚҚ РШО" ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский.

Өртті сөндіру үшін гипс көпірлер салынып жатыр.

"Гипс көпірлерін салу арқылы тау-кен қазбалары желісін оқшаулау туралы шешім қабылданды. Кешегі күннен бастап біз осы жоспар бойынша жұмыс істей бастадық. Бүгінгі таңда материалдар шахтаға жеткізілді, өртті оқшаулау үшін инженерлік құрылыстар салынып жатыр", – деп түсіндірді Геннадий Силинский.

Ол бөгеттер саны жағдайға байланысты реттелетінін айтты.

Бүгінгі таңда шахтаның 600-ден астам қызметкері Көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды. Қалғандары шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысуда және әскерилендірілген құтқарушыларға қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Қазақпарат