Орман ағаштарын тұтандыру үшін дайындалған тамызықтар туралы интернет желісінде тараған видеоға Абай облысының әкімдігі түсінік берді.
«Интернет желісінде видео тарап жатыр, онда адамдар тобы орманда ағаштарға от қою үшін тамызықтар дайындалғанын айтады. Олардың бірі Жабық ауылының атауын атайды. Ақпараттарға сүйенсек, 2021 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Челябі облысының Жабық ауылында орман алқабында ірі өрт болды. Бұл, видеороликтің Абай облысына еш қатысы жоқтығын айғақтайды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Өңір әкімдігі сондай-ақ тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Бұған дейін Семей орманындағы өрт Үлбі СЭС-іне жақындағаны туралы ақпарат жоққа шығарылған еді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через