Келер жылғы қасиетті Ораза айының басталар күні белгілі болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы 23 -наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады деп бекітті.
Осылайша бес парыздың бірі – Ораза келер жылы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Яғни 30 күнге созылатын Рамазан айынан соң, Ораза айт 21-сәуірде болмақ.
Ал мың айдан да қайырлы Қадір түнін жамағат сәуір айының 17-нен 18-не қараған түні күтеді.
Бұған қоса Құрбан айт 28 маусымға бекітілді. Хижра айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалды дейді мүфтият. Сондай-ақ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың толуына байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
Фото: ummet.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через