Рамазан мен Медина. Ораза айында дүние есігін ашқан нәрестелерге осы есім ең көп қойылған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
Қасиетті айда сәби сүйгендердің көбі бөбегіне есімді Оразамен байланыстырып берген. Мәселен, жаңа туған 1100-ге жуық ұлға ата-анасы Рамазан есімін таңдапты. Ал қыздар арасында жиі қойылған есімдер тізімінде Медина көш бастап тұр.
Сәуір айында 430 отбасы осы атты кішкентай ханшайымдарына беріпті. Рамазаннан кейін ұлдарға ең жиі қойылатын есім – Айсұлтан екен. Бір айда 250-ге жуық балаға осы ат берілген.
Үштікке 170-тен аса жанұяның таңдауымен Әлихан есімі еніп тұр. Сондай-ақ сәуірде 141 сәби Нұрислам есімімен Қазақстан азаматы атанды.
Ал қыздарға Мединадан кейін – Раяна және Айша есімдері жиі беріледі.
Осылайша өткен айдағы статистика нәрестелерге Әли, Ислам, Мұхаммед, Муслим, Дінмұхаммед, Әмина, Ясина, Фатима сияқты мұсылман есімдерінің жиі қойылғанын көрсеткен.
Дереккөз ktk.kz. Фото kazislam.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через