Жол және көлік

Бөлісу

Оралға Ресейдің екі қаласынан автобустар қайта жүреді

Оралға  Ресейдің  екі  қаласынан  автобустар  қайта  жүреді

Оралға  Ресейдің  екі  қаласынан  автобустар  қайта  жүреді

Оралға Самара мен Тольяттиден автобус қатынасы жанданады. Бірінші рейс бүгін, 1 қазан күні жүреді.

Өңірлік "Мой город" басылымының ақпаратынша, 28 қыркүйекте шекарадағы жағдайға байланысты Самара мен Оралға автобус қатынасы уақытша тоқтатылған болатын.

Сол кезде Самара облысындағы "Маштаково" шекара бекетінде белгісіз біреулер кезекте тұрған рейстік автобусты аударып, жүргізушілерге қоқан-лоққы көрсеткен.

Оралдағы автовокзалдың басшысы Талғат Бисекеновтің айтуынша, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар Оралдан Самара мен Тольяттиге баратын рейсті де тоқтатқан.

Сондай-ақ сұранысқа байланысты автовокзал Астана мен Алматыға тұрақты емес рейстерді іске қосты.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через