Қазнетте қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар берген ер адамның видеосы тарады. Сол кезде Орал қаласында жарық сөніп, қаланың кей бөліктерінде бағдаршамдар жұмыс істемей қалған.
ІІМ дерегінше, бағдаршамы сөніп қалған көшеде кептеліске тап болған жүргізушілерге газетпен еңбек демалысындағы полиция қызметкері жол көрсеткен.
"Сағат 16:15 шамасында Әбілқайырхан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің жүруі қиындаған. Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасады", - делінген хабарламада.
Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция қызметкері Руслан Жексенов қазіргі уақытта кезекті еңбек демалысында жүр. Бірақ соған қарамастан аяқ астынан туындаған кептеліске бей-жай қарамай, жүргізушілерге көмектескен.
Дереккөз nur.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через