Оралда сәулелік терапия орталығы ашылды

Оралда сәулелік терапия орталығы ашылды
фото: sputnik.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында сәулелік терапия орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Орал қаласында MIG Qazaqstan ядролық медицина орталығының ресми ашылу рәсімі өткен. Онда пациенттерді желілік үдеткіште радиотерапия әдісімен емдейді.

"Сәулелік терапия орталығының ашылуы Батыс Қазақстан өңірінде генетикалық зерттеулерді бірінші болып орындауға және пациенттер үшін референсорталықтардан (Алматы қаласы және Қарағанды қаласы) зерттеу нәтижелерін күту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді", - дейді министрліктегілер.

Ашылу рәсімінде министр мен облыс әкіміне орталықтың озық жабдықтары, оның ішінде негізгі элемент – заманауи жоғары технологиялық КТ сканері - сәуле алдындағы топометрияны жүргізуге арналған Siemens Somatom Go SIM және Halcyon сәулелік терапия жүйесі – Varian Medical Systems компаниясы әзірлеген жоғары дәлдіктегі ең жаңа сызықтық үдеткіші таныстырылды.

Жаңа орталықта медициналық көмек БҚО халқы үшін ғана емес, республиканың барлық тұрғынына медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін көрсетіледі.

Қазақпарат