Оралда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты

фото: sputnik.kz

Орал қаласында кеше түсте басталып, түнімен жауған толассыз нөсерден кейін көшелер көлкіген суға толып, ондаған үй мен әлеуметтік нысанды су басқан.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше осы түнде 23 шақыру түскен. Қазір құтқарушылар мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары, жертөледегі суды сорып шығарып жатыр.

Ауа райының қолайсыздығынан облыс орталығында 6 жарым мыңға жуық тұтынушы электр қуатынсыз қалса, дәл қазір соның 1500-іне жарық берілді. Қалпына келтіру жұмыстарымен Батыс Қазақстан электр желілері компаниясының 32 қызметкері айналысуда.

Сондай-ақ жөнделіп жатқан трассалардағы айналма жолдар да суға толып, көлік қатынасына қиындық келтіруде. Ауа райын болжау қызметі жауын-шашын бүгін-ертең де жалғасуы ықтимал дейді.

Қазақпарат