Оралда ит қапқан жасөспірімге ота қажет

Оралда ит қапқан жасөспірімге ота қажет
фото: sputnik.kz

 

Оралда 13 жасар жеткіншекті қаңғыбас ит қауып алды. Қыздың анасының айтуынша, оқиға 31 мамырда болған. Қабаған ит көпқабатты үйдің ауласында бірнеше жылдан бері мекендейтін көрінеді.

"Ит қызымның аяғын тістеп қана қоймай, етін жұлып алған. Тіпті сүйегі көрініп қалған. Қазір қызымның жағдайы жақсарды, жарасы біртіндеп жазылып келеді. Бірақ аяғы бұрыңғыдай болуы үшін болашақта эстетикалық ота жасалу керек", - дейді жәбірленушінің анасы.

Аулада ойнап жүрген балалар иттің күшіктерімен ойнамақ болған. Баласын қызғанған ит қыздың аяғынан қауып алған. Ал аула тұрғындары болса, қаңғыбас иттен мезі болғандарын айтады.

"Біз таңертең келсек те, күні бойы аңдысақ та таппаймыз. Жануар ақылды, бәрін сезеді, ұстатпай қашып кетеді. Жануарды ұстаған кезде заң бойынша 10 күн карантинге жібереміз, содан кейін оны қайтадан тіршілік ету ортасына жібереміз. Тек комиссияның шешімімен ғана оны ұйықтата аламыз, онда да жануар агрессивті болса", — дейді Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры Мадияр Ахметов.

Қазақпарат