Оқушыларға планшеттерді кім таңдап, сатып алады? Министрлік жауабы

Оқушыларға планшеттерді кім таңдап, сатып алады? Министрлік жауабы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастауыш сынып оқушыларына беріледі деп жоспарланған планшеттерді сатып алу мен оның қауіпсіздігіне кім жауапты болатынын айтты.

Айта кетейік, 1 қарашада цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында сервистік модель механизмі арқылы 2023 жылы бірінші сыныпқа баратын 400 мың қазақстандық баланы Қазақстанда жасалған планшеттермен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Tengrinews.kz тілшісі министрлікке планшеттерді қандай бағаға сатып алуды жоспарлап отыр, олардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді және қанша жылға жарамды деген сұрақтармен жүгінді. Сұрақтарға Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен жауап берді.

Тәткеннің айтуынша, бұл мәселелер келісу сатысында. Дегенмен, министрлік жеткізуші таңдау мәселесін қазақстандық байланыс операторларына беруді ұсынып отыр, олар өздерінің ішкі корпоративтік стандарттарына сәйкес бағасы мен сапасы жағынан бәсекеге қабілетті жабдық нұсқаларын таңдайды.

Планшеттерді мектепте жиі қуаттамау үшін бұл құрылғыларда сыйымдылығы жоғары аккумуляторды пайдалану жоспарланған. Оқушыларға планшет берудің егжей-тегжейлі тетігі Оқу-ағарту министрлігімен келісілгеннен кейін анықталады.

Фото: inbusiness.kz