фото: halyq-uni.kz
Оқу-ағарту министрлігі өкілі оқушылар мектепке ұялы телефон әкелуіне бола ма деген сұраққа жауап берді.
Ведомство мәліметінше, оқушылар мектепке ұялы телефон әкеле алады, бірақ оны сабақтан бос уақытта ғана пайдалануға болады.
"Смартфонды мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттігі тумаған жағдайда, білім алушылар мен педагогтар сабақта пайдаланбайды", - делінген бұйрық мәтінінде.
Екі жыл бұрын білім және ғылым экс-вице-министрі (қайта құрылған министрлік - еск.) Шолпан Каринова мектеп смартфонды пайдаланып-пайдаланбау туралы шешімді өз бетінше қабылдай алатынын мәлімдеген еді.
Tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через