“Оқушылар мектепте насыбай атып жүр“: депутат сұмдық ақпаратты айтты

“Оқушылар мектепте насыбай атып жүр“: депутат сұмдық ақпаратты айтты
фото: https://zozh.kz/823-o-vrede-nasvaya.html

      “Оқушылар мектепте насыбай атып жүр“: депутат сұмдық ақпаратты айтты. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы мектепте 4-5 сынып оқушылары емін-еркін насыбай атып жүргенін айтты. 

  Депутат зиянды затқа заңда тыйым салынғанын ескертті. Бірақ зиянды зат сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде еркін сатылып жатқанын сынға алды.

    Мәселені шешу үшін депутат осы бағыттағы заңды қатаңдатып, оның құрамын жіті зерттеп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

     Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдалды.

     Bugin.kz