Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының сабақ кезінде ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының сабақ кезінде ораза ұстауына қатысты пікір білдірді
фото: pixabay.com

       Оқу-ағарту министрлігі жасөспірімдердің сабақ кезінде ораза ұстап, құлшылық етуіне қатысты өз ұстанымын мәлімдеді. Министрлік Рамазан айында білім беру ұйымдары мен әлеуметтік желілерде дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге мән беру керектігін атап өтті. 

       Ведомство мектеп оқушылары мен  жасөспірімдердің ораза ұстауын бақылауға алу керегін ескертті. 

       “Соңғы жылдары ораза ұстаған студенттер мен мектеп жасындағы балалардың қарасы көп. Мектеп жасындағы балалардың бір ғана мақсаты бар– егемен елдің білімді, саналы азаматы болу. Кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толық білім алуға кері әсер етпеуі керек", –  деп мәлімдеді Білім министрлігі.

       Сондай-ақ олар бұл мәселеде ата-ананың жауапкершілігін еске салды.

       “Ата-аналар бұл мәселеге баса назар аударуы керек. Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда екенін ескертеміз”, – деді ведомстводағылар.

       Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі “Балаларға ораза ұстауға бола ма?” деген сұраққа жауап берген еді.

       Stan.kz