фото: sputnik.kz
© Photo : pixabay.com
Оқу-ағарту министрлігі балаларды теріс контенттен қорғау үшін бөлек сим-карта енгізуді ұсынды.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, бүгінде балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру өзектілігі артып тұр.
"Балаларға арналған сим-карталар енгізу арқылы олардың әлеуметтік желілерді ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануына, түнгі уақытта интертнет желісіне қосылуына шектеу енгізу қажет деп санаймыз", - деді Оспан мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Ол балалардың интернетті пайдаланылуына ата-ана бақылауын қолдану тәсілдері бойынша кең көлемді ақпараттық жұмыстарды жүргізу маңызды екенін атап өтті.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через