Қазгидромет синоптиктері 12-14 қаңтарға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.
Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды.
Сол себепті жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін өзгереді.
Республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін, орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін, еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді.
Оңтүстікте температураның негізгі фоны - 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін алмасады.
Дереккөз ҚазАқпарат, Фото ngs55.ru. YouTube
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через