фото: istockphoto.com
Қытай археологтары Оңтүстік Қытай теңізінен 1 ғасыр бұрын апатқа ұшыраған кеме қалдықтарынан 100-ден астам бағалы бұйым тапты.
Жәдігерлер жақсы сақталған. Ішінде ең бағалысы - фарфордан жасалған ыдыстар. Бұдан бөлек, теңіз түбінен қыш ыдыстар, қола монеталар, зергерлік және бамбуктен жасалған бұйымдар табылды. Зерттеушілердің айтуынша, табылған артефактар Мин әулеті кезеңіне жатады. Бұл арқылы "Қытайдың ежелгі сыртқы сауда-саттық қатынасының" қалай дамығаны жөнінде тың деректер біле аламыз, дейді мамандар.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через