фото: k-pop.ru
28 маусымда Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің халықаралық жүйесіне ұқсас ережелерді енгізетін заң ресми түрде күшіне енеді. «Корейлік тәсіл» жойылады - республика азаматтары бір-екі жасқа «жасарады».
Тиісті заңды өткен жылдың соңында парламент қабылдаған болатын.
Жаңа туған нәрестені нөл жастан тіркеп, содан кейін туған күнінде бір жастан қосып отыратын әлемдік жасты есептеу жүйесі Оңтүстік Кореяда 1960 жылдан бері қолданылып келеді. Дегенмен, ол тек медицинада науқастың физикалық жасын анықтау үшін, сондай-ақ сотта және басқа да салаларда даулар болған кездеқолданылады.
Көптеген басқа жағдайларда, мысалы, жас корейлікке алкогольді қай уақыттан бастап сатуға болатынын білу үшін дәстүрлі жүйелер қолданылады. Оңтүстік Кореяда ондай жүйе екеу. Біріншіден: жаңа туған нәрестеге бір жас «тағайындалады», содан кейін ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні бір жас қосылады. Екіншіден: туған кезде нөл жас жазылады, ал әр жылдың 1 қаңтарында жасы ұлғайтылады.
Нәтижесінде, 28 маусымда болатын стандартты жас санау жүйесіне көшкен кезде, елдің кейбір тұрғындары құжаттар бойынша бір жыл немесе тіпті екі жыл жоғалтады. Мысалы, 2002 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген Корея азаматы 8 желтоқсанда халықаралық жүйе бойынша 19 жасқа толды, ал республикада қабылданған екі жүйе бойынша – 20 немесе 21 жаста, деп жазады Time журналы.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото k-pop.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через