фото: https://sputnik.kz
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында үш қазақстандық ұсталды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 12 ақпанда екеуі қамауға алынса, үшіншісіне елден шығуға тыйым салынды. Ол қолхат жазып берген. Қазіргі кезде қылмыстық іс жергілікті прокуратураға жіберілді.
"Оларға босқын мәртебесін алуға өтінім қабылданатыны туралы жалған ақпаратты желі арқылы таратып, шетелдіктерге, соның ішінде Қазақстан азаматтарына жалған құжат дайындады деген айып тағылып отыр", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Кореяның ішкі істер органдары дербес деректерді қорғау туралы заңға сүйеніп, Қазақстан елшілігіне ұсталған азаматтар туралы мәлімет беруден бас тартты. Тергеуге алынған қазақстандықтар да елшіліктен көмек сұрамады, өздері туралы ақпарат беруге келіспеді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через