фото: www.yna.co.k
40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
Оңтүстік Кореяда өнеркәсіптік робот зауыт қызметкерін бұрыш салынған қорап деп қабылдап, оны өлтіріп қойды.
Қайғылы оқиға 8 қарашада Кенсан-Намдо провинциясындағы бұрыш сұрыптау зауытында болды. Компания қызметкері роботтың жанына оның датчигін тексеруге барған. Робот бұрыш салынған қораптарды көтеріп, оларды түпқоймаға (поддон) қою қызметін атқарған.
Агенттіктің хабарлауынша, датчик қызметкерді қорап ретінде көріп, оны ұстап, денесін конвейер лентасына басып, беті мен кеудесін жаншып тастаған. 40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
Зауыт өкілі компания роботты бес жылдан бері пайдаланып келе жатқанын хабарлады. Жұмыс күшінің тапшылығы кезінде робот шаруаларға үлкен көмек болған. Ол екі метр биіктікке дейін бұрыш қораптарын жинай алады екен.
SN.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через