Онлайн несие беретін 18 микроқаржы ұйым лицензиясынан айырылды

Онлайн несие беретін 18 микроқаржы ұйым лицензиясынан айырылды

Жыл басынан бері елдегі 70-тен астам микроқаржы ұйымыы лицензияларынан айырылған. Бұл жайында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.  

«2022 жылдың басынан бері микроқаржылық қызмет жүзеге асыратын 72 ұйымға, оның ішінде 18 микроқаржы ұйымы мен 42 ломбардқа, 8 кредиттік серіктестікке лицензиядан айыру санкциясы қолданылды», - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Ресми мәліметке сүйенсек, аталған ұйымдардың қызметін тоқтатуға мынандай жайттар негіз болған:

10 микроқаржы ұйымы, 7 ломбард және 6 кредиттік серіктестік лицензия алған күннен бастап алты ай ішінде жұмыс істемеген;

1 микроқаржы ұйымы уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде орындамаған;

1 микроқаржы ұйымы қызметін заңдардың, уәкілетті органның заңнамада рұқсат етілмеген қызмет түрлерін көрсеткен;

6 микроқаржы ұйымы, 39 ломбард және 2 кредиттік серіктестік қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметті ерікті түрде тоқтатқан.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: kredit-on.ru