фото: ашық көздерден
Кітап оқуды насихаттау, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында Жетісуда игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана оқырмандардың оқыған кітаптарының санына қарай жыл сайын үздік оқырмандарын анықтап отырады.
Биыл талдықорғандық Болат Нұржанов жыл басынан бері 70 кітап кітап оқып, облыстық кітапхананың «Ең үздік оқырман» аталымында жеңімпаз деп танылды.
Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханада кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұрақты жұмыстар қолға алынған.
«Облыстық кітапхана жыл сайын үздік оқырмандарын анықтап отырады.Қазірдің өзінде мәдениет мекемесі бірнеше номинация бойынша белсенді азаматтардың есімдерін анықтап, қорытындысын шығарып қойды. Жеңімпаздарды желтоқсан айында арнайы марапаттау жоспарланған», - дейді Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры Самал Шаяхметова.
Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының «Ең үздік оқырман» аталымында жыл басынан бері 70 кітап оқыған талдықорғандық Болат Нұрғожанов үздік шықса, Өтенай ауылында тұратын 75 жастағы зейнеткер Болатбек Тойбеков 62 кітап оқып, «Ардагер оқырман» ретінде танылды. Ал 51 кітапты оқып тауысқан талдықорғандық жеке кәсіпкер Жаңыл Нұртаева «Белсенді оқырман» номинациясына лайық деп танылды.
«Бала жасымнан кітап оқуға құмар болдым.С.Сейфуллин атындағы кітапханаға жиі барамын. Айына 5 кітапқа дейін оқып тастаймын. Өзім жастайымнан әскери салада қызмет істегеннен кейін бе, Бауыржан Момышұлы, Тахауи Ахтанов, Әди Шәріпов, Кемел Тоқаевтардың шығармалары жаныма жақын. Кітапты неғұрлым таңда ерте тұрып оқуға тырысамын, себебі таңға жақын оқыған кітап әлдеқайда сіңімді, әрі миды қозғалысқа келтіруге көп көмектеседі», - дейді Талдықорған тұрғыны Болатбек Тойбеков.
Жалпы, Жетісу облысының кітапханалар жүйесіне 147 мекеме кіреді. Облыс бойынша 2,8 миллионға жуық кітап қоры бар. Өткен 9 айда кітапханалар қызметіне 1,6 млн адам жүгінген. Кітап берілімі 3,3 миллионға жетті.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через