Өмір — теңіз, тағдыр — кеме...

Өмір — теңіз, тағдыр — кеме...

       Ал, кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Әттен,осы сөздің мағынасы мен мәнін бәрі білсе ғой! Өмір Алланың берген сыйы. Өмір-театр секілді бірде жылатады,бірде қуантады. Алла жақсылық пен жамандықты қатар береді.Ақ пен қара бірге жүреді.Алла өз құлдарына төзімсіз сынақ бермейді,тек төзе білу керек. Қазір адамға ең қажеттісі төзімділік.Менің ішімнің ашитыны, неге адам қылт етсе өз өмірлерін қия салады? Төзімділік қайда?Сен қиып жатқан өмір, өлім аузындағыларға ауадай қажет.Олар өмір сүргісі келеді,олардың өмірге деген құштарлықтары ашық,өмірге риза.Қолда барда алтынның қадірі жоқ деген рас екен.Бірі өмірден қиналып ішімдікке салынып та жатыр.

      "Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі"-деп тегін айтпаған.Қазақ санын көбейтудің орнына,азайтып жатқандар жетерлік.Ішімдік деген не? Осы зат қазіргі кезде үлкен проблемаға айналып отыр. Қазір екінін бірінде осы жағдай.Зияны көп,пайдасы жоқ.Өмірге деген құлшыныс,өмірге деген сүйіспеншілік,құштарлық және алдыға қойған, болашаққа деген мақсат болуы керек. Бұл бір қысқа ғана өмірімізді неге қуанышқа,бақыт пен шаттыққа толтырып өткізбеске?!Біз осыған лайықтымыз!

      Менің айтқым келіп отырғаны,біз бұл өмірге қонақпыз,сол қамшының сабындай ғана өмірді бағалап,түсініп,ғашық көзбен қарап,өмірді сүйіп,Алла сыйлаған өмірді қадірлеп,өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысына төзіп,керемет өмір сүре білу қажет!