Өмір сапасы

Өмір сапасы

              Өмір сүру деңгейі халықтың материалдық, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесімен сипатталады. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіші халықтың игілікке деген қажеттілігінің деңгейіне де, қызметтердің саны мен сапасына да байланысты.

              Негізінен «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктерінің нақты анықтамасы мен олардың көрсеткіштер жүйесі толық айқындалмаған. Көбіне олар өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың көрсеткіштері өзара ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл түсініктерді бір-бірінен ажырату маңызды. Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып табылады.

              Өмір сүру деңгейі халықтың әртүрлі топтарының және жалпы халықтың нақты өмір сүру деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін әртүрлі сапалық және сандық көрсеткіштердің жиынтығымен айқындалады.

              Өмір сүру деңгейінің сандық көрсеткіштеріне: жалақы деңгейі, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, халықтың жан басына шаққандағы орташа тұтыну нормалары, халықтың жұмыспен қамтылуы және т.б. жатады.

              Өмір сүру салтының құрылымына адамның өмір сүру жағдайының өзі ғана емес - экономикалық, саяси, шаруашылық және тұрмыстық жағдайлары да, олардың адамдардың санасында көрініс табуы да, индивидтердің осы жағдайларды бағалауы да кіреді.