фото: https://sputnik.kz
"ӨКМ операторы" шотындағы бұғат шешілді: қаражаттың бір бөлігі автокредитке жұмсалады
Жеңілдетілген автокредит бойынша жаңа бағдарламаға 100 миллиард теңге (228 миллион доллар) бөлу жоспарланған болатын
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі утилизациялық алыммен айналысқан "ӨКМ операторы" ЖШС шотындағы бұғаттау шешілгені туралы хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп қабылданған шаралар нәтижесінде "ӨКМ операторы" ЖШС-ның шотындағы 198 миллиард теңгеге бұған дейін салынған бұғаттау алынып тасталды. Осы қаражаттан 100 миллиард теңгені үкімет жеңілдетілген автокредитке бағыттады, қалғаны басқа да әлеуметтік жобаларға жұмсалады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Жасыл даму" шотындағы утилизациялық алымнан түскен аражат автокредит бойынша жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға жұмсалатынын мәлімдеді.
Жеңілдетілген автокредит бойынша жаңа бағдарламаға 100 миллиард теңге (228 миллион доллар) бөлу жоспарланған болатын.
Кредит жылдық 4% мөлшерлемемен және бастапқы жарнасыз беріледі. Кредит мерзімі – жеті жыл.
Үкімет елдің автобус паркін жаңартуға тағы 30 миллиард теңге жұмсауды жоспарлаған. Тасымалдаушылар автобустарды жеті жыл мерзімге нөлдік кредиттік мөлшерлемемен сатып ала алады.
Утилизациялық алымнан түскен басқа қаражат қандай мақсатқа жұмсалатыны туралы әзірше мәлімет жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через