Ойыннан шыққан өрт

Ойыннан шыққан өрт
фото: Бақ кз

Алматыда отпен ойнаған бала тұрғын үйді өртеді

10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, салдарынан пәтер мен подъезд қатты түтіндеді. Өрттің шығуына кішкентай баланың отпен ойнауы себепші болған.

Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 жылғы қызды эвакуациялады. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды, - деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақпарат