Нью-Йорктегі қазақ аниматоры

Нью-Йорктегі қазақ аниматоры
фото: https://turkystan.kz

Нью-Йорктегі қазақ аниматоры

Анимация десе ішер асын жерге қоятын Темірлан Кенжеғалиев бүгінде Нью-Йорктағы Trans Perfect компаниясында 3 D аниматор болып жұмыс істейді. Нью-Йорк кино академиясында білімін жетілдірген ол «Қазақ­фильмде» еуропалықтардың ыстық ықыласына бөленген «Күлтегін», «Мұзбалақ» анимациялық фильмі, «Балуан Шолақ» деректі фильмін әзірлеуге атсалысқан. Жуырда «Ирина Кайратовна» тобының «Көк Ту» әніне түсірілген клипіне анимация құрастырған. Амбициясы мықты, арманы асқақ Темірлан алдағы уақытта қазақ мәдениетіне қатысты жоба әзірлеп, Оскар сыйлығын иеленгісі келеді.Амстердамда өтетін жеке көрмесіне дайындалып жүр.

Негізі, ІТ саласындағы мықтылардың көбі қазақ-түрік лицейінің түлектері.  Ол Атыраудағы қарапайым орта мектепті тәмамдады.  Темірланды «ІТ саласына анасы бағыттаған.  Сол арқылы өзің армандап жүрген анимация әлеміне бас сұғасың» деп ақылын айтқан. Бүгінде ІТ арқылы қаланған «іргетас» көмегімен анимация саласында жұмыс істеп жүрген ол, анамның айтқаны дұрыс  келді  дейді.

Жапонияда білім алу үшін арнайы конкурс ұйымдастырылады. Жүздеген студенттің ішінен бес бала  іріктеліп, Нагоя сауда және бизнес университетіне оқуға жібереді. Анимацияға ерте жастан қызыққан ол жапондардың мәдениеті мен тарихы, дәстүрін зерттегісі келеді. Онда барғанда бизнес пен ІТ жөніндегі сабақтар оқыса да, бірнеше студияға барып, анимация индустриясының, комикс салатын мангакалардың, аниматорлардың қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көріп қайтады. Жалпы, Жапония менің көз­қарасымды қатты өзгертті,-дейді дарынды жігіт. Қазақстанда жүргенде аниматор болатынымды білсем де, қайда барып, не істейтінімді жете түсіне алмай жүрген едім. Күншығыс еліне барған соң, өмірдегі бағыт-бағдар айқындала түсті. Жапониядан шабытым шарықтап оралған мен елдегі аниматорлардың жұмысына араласқым келіп, «Қазақфильмге» бардым. Мен онда дер кезінде барыппын. Дәл сол уақытта танымал режиссер Адай Әбелдинов бастаған топ «Күлтегін» мультфильмін жасауды енді қолға алғалы жатыр екен. Жапонияда оқып келгенімді білетін шығармашылық топқа өнер академиясында оқымасам да сурет сала алатынымды айттым. Мамандығым анимациямен байланысты болмаса да, көзімде от ойнап тұрғанын байқаған режиссер анимация жасауды үйренгім келетінін, ол үшін бәріне дайын екенімді түсініп, тағылымдамадан өткізуге келісті. Әдепкіде кейіпкерлердің дизайны мен текстурасын сызуға жауапты болдым. Бір айдан соң атқарған жұмысыма көңілі толған режиссер жұмысқа алды, -деп еске алады.

Анимация жанры бойынша әлем мақтаған Нью-Йорк кино академиясында оқып, қазақ мәдениетін танытатын мультфильмдер жасауды мақсат етеді. Әлем жұртшылығына қазақ анимациясын тек батырлар арқылы емес, басқа да қырынан беруге болатынын көрсеткім келді. Сол мақсатты көздеп алғашында бір айлық курсқа барады. Сол бір айдың ішінде бір минуттық анимация жасайды. Әдетте мамандар Қазақстанда мұндай жобаны әзірлеуге екі апта уақыт жұмсайды. Әлгі жұмысыма таң-тамаша болған оқытушылар әрі қарай оқуға деген құлшынысын байқап, бір жыл тегін оқуға мүмкіндік беретін Talent Based Award стипендиясын тағайындайды.

– Нью-Йорк кино академиясында оқыған бір жылдың алғашқы алты айында бағдарлама жасау, скриптинг жазуға көп көңіл бөлді. Кейіннен 3 D моделіне анимациялаудың қыр-сырын үйренді.

– Студент кезіңізде кітап шығарған. Сондай-ақ Нью-Йорк аниматорлар қауымдастығына мүше болған. Қолы бос кезде досы екеуі 40 иллюстрация мен жанында әңгімесі қамтылған, оқыған адамды рухтандыратын кітап шығарғысы келеді.

-Қазір алдына қойған мақсаты жоқ, өмір сүруге құлшынысы кеміген адамдарды көптеп кездестіреміз. Сол кісілерге жол көрсететін титтей дүние болсын деген мақсатпен оқиға мен кейіпкер құрастырып, соңында Kid and the magic orb деген атпен кітап шығардық,-дейді.

– Америкада 3 D анимация өте жақсы дамыған. Мүйізі қарағайдай режиссерлердің көбі осы модельді қолданады. Академияда мұның қыр-сырын үйреніп алдым. Енді Еуропа жақта кеңінен қолданылатын 2 D анимация жасауды үйренгім келеді.

–Күндердің бір күнінде «And the Oskar Goes To…Temirlan Kenzhegaliyev» қазақ аниматорына  Оскар сыйлығын алу бұйырсын деп тілейік.


Мәтіндегі ақпарат туралы