фото: inform.kz
Нью-Йорк кино өнері академиясы мен Алматы Менеджмент университеті білім беру бағдарламалары саласында ынтымақтастық орнатты.
Almaty Management University (ALMA-U) және Нью-Йорк кино өнері академиясы (NYFA) білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«Дара» президенттік бастамалар қорының қолдауымен қол қойылған құжат Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бастауы болмақ. Келісімнің маңызды бөлігі - шығармашылық кәсіптер үшін білікті кадрларды дайындау және жасампаз индустрияны дамытудағы күш-жігерді біріктіру.
«Дара» Президенттік бастамалар қоры шығармашылық өндірісті қалыптастыруға және еліміздің дарынды жастарын қолдап, дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан мен АҚШ оқу орындарының өзара әрекеттестігі инновациялық экономиканың, оның ішінде жасампаз экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын таланттарды даярлау үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.
Қол қою рәсімі Нью-Йорк академиясында өтті. Құжатқа «Дара» қорының өкілдері мен NYFA басшылығы қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через